«Айгерім» бөбекжай балабақшасы

Тарихы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
«Айгерім» бөбекжай балабақшасының тарихы

Котяев балабақшасы 1972 жылы салынып, 1973 жылы іске қосылды. 1999 жылы қаржының тапшылығына байланысты балабақша жабылып, 2000 жылы «Айгерім» балабақшасы 50-орындық, 2-топ болып ашылды, Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы  №281 қаулысы негізінде  «Айгерім» бөбекжай балабақашасы 45- орындық,  2 топ болып өзгертілді. қазіргі заман талабына сай жұмыс жасайды.

Алғашқы меңгерушісі 1968-1976 жылдары
Сатылғанова Айжан Амировна

1976-1978 жылдары балабақша меңгерушісі қызметін
Казимова Тамара Казимовна атқарды

1978-1980 жылдары балабақша меңгерушісі қызметін
Исмагулова Рабиға атқарған

1980-1999 жылдары балабақша меңгерушісі қызметін
Ешимова Назипа атқарған

2000-2016 жылдары балабақша меңгерушісі қызметін
Титанова Болғаш Кисамеденқызы атқарған

2017-2021 жылдары балабақша меңгерушісі қызметін
Дюсекенова Сагида Кадрбаевна атқарған

2021 жылдан бері балабақша меңгерушісі қызметін
Досекешова Каламсия атқарып келеді

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Котяев селосы, Байда ауылдық округінде орналасқан «Айгерім» бөбекжай балабақшасында 10 педагог, 14 кіші қызметкерлер қызмет атқарады.

Балабақшаның материалдық техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда. Қазіргі уақытта балабақшада 45 тәрбиеленуші бар. Балабақша ғимараты 1қабатты, 2 топ,  1-меңгеруші, әдіскер, медициналық кабинет, асхана, қойма, кір жуатын бөлмелер бар. Балабақша ауласында әр топқа арналған көлеңке шатыры, көлеңкелі құм алаңы және ойын алаңдарымен қамтылған.

КМҚК «Айгерім» бөбекжай балабақшасының оқу тәрбие үрдісі қазақ тілінде жүргізіледі. 10  педагог мамандармен қамтамасыз етілген.

Сапалық құрамы: білімі бойынша: Жоғары білімд і - 5 педагог;
Арнаулы ортаа білімді - 5.

Cанаты бойынша:

Жоғары санатты - 1педагог;
Бірінші санатты - 3 педагог;
Екінші санатты -  педагог жоқ;
Санатсыз - 5 педагог;
Педагог зерттеуші - 1 педагог.

Балабақшада әдістемелік жұмысты әдіскер Кенжебаева Эльвира жүргізеді.

Жаңартылған стандарт негізінде балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани адамгершілік құндылықтар, жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікке тәрбиелеуге жұмыстанамыз.

Балабақша мекен жайы: Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Котяев селосы, Байда ауылдық округі, Құрманғазы көшесі 51 үй, пошта индексі 060407

Байланыс телефондары: 8 (7123) 36-14-81, 8 775 492 33 63


ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі
Атырау облысының Білім басқармасы
Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат
Ақпараттық-құқықтық жүйе ҚР
Атырау облысының әкімдігі


«Айгерім» бөбекжай балабақшасы